Кәсіби, білікті ұстаз – кәсіби ұрпақ кепілі
Өмірге келген әр баланың болашағы үйренуден басталады. Тәрбиенің алғашқы көзі жанымыздағы ата – анадан бастау алып, тәрбиеші мен ұстаздан жалғасын табады. «Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!» - деп Абай атамыз айтпақшы, әр баланың бір кірпіш болып қалануы, өмірде орнын табуына бірден – бір бағыт беруіші ұстазы болып табылады. Сондықтан, алдымызға келген әр оқушының болашағының жарқын болуына, ұлтымызды жалғастырушы ұрпақтың саналы да, білімді болуына себепкер адамдардың бірі ретінде, әр ұстаз өзінің үлесін қосуға міндетті. Білім беру жүйесінде жастарға сапалы білім беріп, олардың үйлесімді дамуы мен тұлға ретінде қалыптасуында ұстаздың кәсіби шеберлік көрсеткіштерінің бірі - жалпы педагогикалық, ғылыми-теориялық, әдістемелік жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгерудің маңызы зор.
Сапалы, тиімді және нәтижелі ізденіс мұғалімнің тынымсыз еңбегінің арқасында келеді. Оқу тәрбие үдерісінің дұрыс жүргізілуіне ұстаздың әр алуан оқыту әдіс-тәсілдерінің тиімдісін оқушының мүмкіндіктеріне және жағдайына қарай таңдап алуына тікелей байланысты. Өйткені, «Тәрбиесіз берген білім - білім емес» - деп ұлы ұстазымыз Әбу Насыр Әл-Фараби айтқандай бірінші кезекте тәртіпті де, тәрбиелі жеке тұлғаны дайындауымыз керек. Заман көшінен қалмай, уақыт талабына сай болу, білімді өз бетінше үйрену, оны оқушыларға үйрету - ұстазбын деген кез келген азаматтың міндеті, - деп білемін.
«Мұғалім - өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда оның мұғалімдігі де жойылады» - деп ұлы ғалым, педагог К.Д.Ушинский бекер айтпаса керек.
Заманауи мектеп ұстазы тұлғаға бағдарлы білім беретін, оқушылармен кері байланысты ұйымдастыра білетін, өзінің ұстаздық іс-тәжірибесін сыни бағалайтын және білім беру жүйесінде шығармашылықпен жұмыс істейтін, арнайы білім, білік дағдыларды меңгеру нәтижесінде инновациялық білікті «Жаңа заман ұстазы» ретінде қалыптасуы тиіс.