"Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ажы ауылының негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа села Ажы отдела образования по Ерейментаускому району управления Акмолинской области"

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қош келдің Жаңа жыл» Жаңа жылға арналған сценарий

30.12.2017

ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН СЦЕНАРИЙ

«Қош келдің жаңа жыл»

 Бастау   

1 – жүргізуші: Армысыздар ардақты ағайын, Ұлағатты ұстаздар!

2 – жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар! Біз сіздерді Жаңа 2018 ит жылы мен құттықтаймыз.Сіздерге жаңа жылда, жаңа табыс, бақыт тілейміз. Балалар енді Жаңа жыл мейрамын бастайық.

2 – жүргізуші;

Олай болса, көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер!

1 – жүргізуші: Байқаймысың, бұл кеште достарымыз көрінбейді ғой.

Мына шырша жанындағы қаптағы не болды екен?

2 – жүргізуші Мүмкін бізге достарымыздың жасаған сыйы, жаңа жылдық тартуы болар.

Қане ашып көрелік., қане сен ашып көр.

2 жүргізуші: – мынау тағы не болды екен?Мүмкін мыстан болар деп мен қорқып   тұрмын.

1 – жүргізуші: Жарайды, ашсам ашайын. Біз бағанағы сияқты былай келісейік. Екеуміз 1.. 2.. 3 дегенде  қаптың   аузын бірге ашайық.

2 – жүргізуші:  Жарайды, мен келістім. Ендеше бастасақ, бастайық.

Клоун1: Сәлем саған, туған ел!

Клоун2: Сәлем, сәлем достар!

Клоун1: Жаңа жыл құтты болсын! Сіздермен көңілді мереке кешін өткізуге келдік. Қалай қарайсыңдар!

Клоун1: Кешті көңілді өткізу өз қолымызда ғой. Солай ғой достар!

1 – жүргізуші: – жә, жә  қандай қызықтарыңыз бар!

Клоун1: Біз сіздерге жұмбақ жасырамыз!

Клоун2:  Қатал емес, мейірімді.

Қатты емес, әділетті.

Қыстай қатты суық емес,

Тілегі ыстық, тәп – тәтті.

(Мектеп директоры)

2 – жүргізуші:  Дұрыс айтасыздар!Құрметті жамағат “Жақсы сөз – жарым ырыс!” – деп дана қазақ айтқандай, жүрекке жылылық ұялатар алғашқы Жаңа жылдық құттықтау сөзді ақыл ойы жетілген саналы ұрпақты сезімі сергек, арманшыл дана ұрпақты тәрбиелеп жатқан білім ұясының білікті басшысы  Аметова А.Р. береміз.

1 – жүргізуші: Қош келдің, Жаңа жылым,

Көп болар жаңалығың

Саған жыл бақ сый еттім.

Жаңа нұр күттім, досым,

Жаңа жыл құтты болсын!

Жылқы  жылы: Туғызар айды бүгін

Әр күнім айбынды күн

Күлімдеп нұр шығады

Әкеліп бейбіт күнді

Ешбір жан болмас мұңды

1 – жүргізуші: Жаңа жыл – жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл – ақ арманның өрленуі.

Жаңа жыл – партадағы лүпілдеген,

Кішкентай шәкірттердің ержетуі

Клоун 1: Достар, сіздердің көңілдеріңді жақсы тілек бір көтерсе, біздің әнімізбен тағы да бір көңілденіп алайық. Ендеше ортаға барлық ұстаздар мен шәкірттер қатар тізіп тұрасыздар.Бастадық!

/ 2 клоун оқушыларды ГАнгНам Стайл әніне билетеді. Барлық мұғалімдер мен оқушылар бірге флеш моб билейді/

1        бөлім аяқталады

2        бөлім басталады

2- жүргізуші: – Жаңа жыл – ит  жылы әр біріңіздің отбасыңызға жаңа нұр, жаңа шуақ, табыс пен береке, қуаныш пен мереке алып келсін. Әрдайым қажырлы қайратыңыздан күш, жылы жүздеріңізден нұр кетпесін. Жаңа жыл баршамыз үшін берекелі, мерекелі жыл болсын.

1 жүргізуші:- ________ біз осы бір нәрсені ұмытып кеттік қой!

2- жүргізуші: –  Нені ұмыттық!

1 жүргізуші :-Осы біздің аяз атамыз бен ақшақар қайда екен, сен оларды көріп тұрсың ба?

2– жүргізуші: –  Ия, ия, мен де оларды таппай тұрмын? Балалар сендер көріп тұрсыңдарма?

1 жүргізуші  – Ия , олар жаңа жылдық шыршаға дайындалып жүреген болар?

2– жүргізуші: – Ой мынау  мыстан кемпір ғой

Мыстан кемпір:Неге осы, сол бір кәрі шалды жыл сайын барлықтарыңыз құрметтеп осындай тамаша мерекеге шақырасыз.Ол келсе қуанасыңдар.Оны 1 жыл бойы күтесіздер а! Неге бір рет болсын мені шақырмайсыңдар! Мен де ол сияқты кәрімін,жасым үлкен міне биыл240-қа келем, мен де сыйлы, құрметті болғым келеді. Мерекеге келгім келеді.Сендер мені шақырмасаңдар да мен өзім келдім. Көрдіңдер ме менің ол сияқты таяғым да, қолғабым да, тымағым да бар. Енді бұдан былай менің атым Аяз әже болады.Ал кәне , менің сол жаман шалдан қай жерім кем.Мен одан әлдеқайда артықпын.кәне балақан айтшы мені Аяз әже

деп (осылай бірнеше балаға жақындап айтқызады)

Мыстан кемпір:

-О. Енді бұл менің мерекем.Жылда өзім келем.

Жүргізуші:

-Мыстан әже Сізде Аяз атаның барлық заты бар екен.Сіз оларды қайдан алдыңыз?Ал Аяз атаның кәмпитке толы қапшығы қайда?

Осы кезде залға жылап Ақша қар келеді.

Мыстан кемпір тығылып қалады.

Жүргізуші:

-Ой мынау біздің Ақша қар ғой!Ақша қар салеметсіз бе.Сізге не болды?

Ақша қар:Менің Атам осы мерекеге келе жатқан.Жолда мыстан кемпір мен оның жаман достары ұстап алып жолда байлап оның заттарын тартып алды.

Енді ол өзінің қабынсыз, таяқсыз келе алмай отыр.Мені іздеуге жіберді.Мен барлық жерді іздеп таппадым. Ой енді не болар екен? Енді сіздерге Аяз ата келе алмай ма?! (жылайды)

Жүргізуші:Жылама ақша қар Аяз атаның заттары осында.Тек қапшығы жоқ.

Ақшақар:Қалайша жоқ.Заттары кәне?

Жүргізуші.:

-Мыстан әже! Кәне бері келіңізші?

Мыстан әже: Жоқ-жоқ.Мен ештеңе бермеймін.Мен енді осы мерекенің басты кейіпкері болам Мен Аяз Әже болам

Жүргізуші:

-Енді не істейміз

Ақша қар тағы жылайды.

Осы кезде қарақшылардың біреуі:

-Жылама Ақша қар.Қазір мен мына достарыммен ол мыстан кемпірді ұстап алып бәрін алып береміз.

Барлығы мыстан әжені қуады. Ол қашады.

Сосын ұстап алады да бәрі жабылып мыстан кемпірді алып келеді

Клоун:

-Кәне мыстан кемпір Ақша қарға Аяз атаның заттарын қайтар.Әйтпесе біз сені ешқашан бұл жерден жібермейміз.

Мыстан к:

Ойбай жоқ олай болмайды,Мә-мә алшы осыны

(Ашуланып бәрін шешіп бере салады.)

Ақша қар:Ал кәмпиттері бар қапшық қайда?

Мыстан кемпір :

-Ол менде жоқ,-деп тағы қашады.

-Ұстаңдар Ол өтірік айтады Көмектесіңдер балалар.–деп балалар тағы қуады

Барлық балалар көмектеседі.Ұстап әкеледі.

Клоун: тез айт Аяз атаның қабы қайда?

Мыстан к:

-Түу жарайды.Болмадыңдар ғой Мен оы бір жерге тығып кеткем Мерекеден соң шай ішіп, кәмпитке бір тояйыншы деп едім.

Клоун: Қазір сендерАқша қармен бірге барыңдар. Мына мыстан кемпірмен тыққан жерін көрсетсін де қапшықты берсін.Ал кәне тезірек.

Мен оған дейін мына балалардың көңілдерін көтере тұрайын.

Шыршаны айналып тағы бір ән айтылады.

2 бөлім аяқталады

3 бөлім басталады.

2 жүргізуші: –  Жаңа жылым жол болсын

Басқан қадам оң болсын

Төрлет, төрлет жаңа жыл

Бізге құтты жыл болсын !

1-Жүргізуші: – Балалар біздің шыршаның Аяз атасы келді!

1Клоун:– Ал балалар, сіздер өте талапты, өнерлі екенсіздер.Енді менімен бірге Аяз атаны шақырып алайық!!!

-Аяз ата, Аяз ата……..

/Аяз ата келмей қояды. /

2Клоун:

–          Балалар Аяз ата өте алыста, сондықтан оған тек сиқыр ғана жетпей тұр. Ендеше сіздер көздеріңізді қатты жұмып іштей тілейсіздер.Содан соң, мен сиқырлы таяқшамен оны алып келемін.Жарайма ?

–          Ия, ия, ия….

–          Сіздер 1   2  3  деп көзді жұмып қатты дауыстап айтыңдар.

–          1   2   3

/Осы кезде алдын ала дайындалған үлкен қорапты тұрған Аяз ата мен Ақша қар жарылғыш фантикті атып кеп жібереді де, қораптың ішінен шығады./

Аяз ата: – Сәлеметсіңдерме балалар!!!

Оқушылар – Сәлеметсізбе!!

–          Бізді  күтіп қалдыңдар ғой!

–          Ия,ия

–           Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайық.

/Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шыршаны жағады/

1 жүргізуші:  Жаңа жыл, жаңа жыл.

Жаңа жылда – жаңа жыр.

шырша жанында

Жадырап бар бала жүр.

Аяз Ата:

–          Мен сіздерге осы мерекенің белгісі Жаңа жылды ала келдім. Қарсы аласыздар ма!

–          Ия,Ия…

–          Ендеше маған өнерліріңді көрсетесіздер!!! Келісесіздер ме!!!

–          Ия, ия…

/Сыныптардың концерттік бағдарламасы жүргізіледі.Алдын ала сйенарий жасалуы тиіс.Сыныптар араластырылып, бірінен соң бірі өнер көрсетеді. Барлық жұрт бір шетке тұрады. Оқушылар алдын ала дайындалған сахна төріне шығып, өнер көрсетеді.Бағдарлама біткен соң, шырша той ары қарай жалғаса береді/.

–          Жарайсыңдар бүлдіршіндерім

Қуанатын шақ болсын,

Достарымыз ақ болсын.

Бізге келген жаңа жыл,

Құт береке бақ болсын!

Аяз Ата:Жарайсыңдар балаларым! Жаңа жылды араларыңа қосып, көңілім шаттанып  қалды.Meнi бүгін бip қуантып, алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер. Барлықтарың да ақылды, білімде де өнерлі екенсіңдер.

Киген киімдерін қандай әдемі! Солай емес пе қызым? Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық. Басқа да балалардың өнерін тамашалайық. Ал, балаларым, сендер өсе беріңдер, өркендей беріңдер. Аспандарың ашық болсын! Қош болыңдар!

(қолдарын бұлғап шығып кетеді)

1 жүргіуші:Аяз ата сізге көп-көп рахмат. Біз сізді келесі жылы тағы да күтеміз.Қош сау болыңыз!!

Балалар: – Сау болыңыз !!!

2жүргізуші:

–          Аспанымыз бұлт торламасын, аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын Жаңа Бақыт достарым!…

1 жүргіуші:

Армысың, аманбысың Жаңа жылым.

Жаңа жылым! О, менің Жаңа жырым!

Жылқы  жылы келгенде, сый ғып тартып,

Ақтарайық әнменен көңіл сырын. 

2жүргізуші:-Құрметті ұстаздар, қымбатты оқушылар Жаңа жылда Сіздерге бақыт, табыс, оқуда алғырлық, тапқырлық ,еңбекте табыстар тілей отырып Жаңа жылды күтіп алу кеші осымен аяқталады.Келесі кездескенше хош аман сау болыныздар!

Просмотров: 578


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст